Каталондық клуб даңқты футболшыны 100 миллион еуроға бағалады. 2 қыркүйекте «Барселонаның» президенті Хосеп Бартомеу мен футболшының әкесі Хорхе Месси жолықты. Алайда екі тарап ортақ келісімге келе алмаған. Футболшыны «Манчестер Сити» командасы сатып алуды жоспарлап отыр. Әрі «қалалықтарды» «Барселонаның» бұрынғы бапкері Гвардиола жаттықтыруы бұл трансфердің жүзеге асуын жақындата түсуде. Айта кетейік, Месси «Барселонадан» кеткісі келетінін Чемпиондар Лигасының ширек финалында «Бавариядан» (2: 8) ірі есеппен жеңілгеннен кейін айтқан болатын. Сондай-ақ каталондықтардың өткен маусымда жүлдесіз қалғаны да футболшының клубтан кету туралы шешім қабылдауына әсер етті.
Әбілмансұр ЖАСАН