«Nur Otan» партиясы ауыл көшелерін жөндеп берді
«Nur Otan» партиясы ауыл көшелерін жөндеп берді
© сурет интернеттен алынды
114
оқылды
«Nur Otan» партиясы Еңбекші аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесіне Жыланбұзған елді мекенінің тұрғыны келіп, Қарақыстақ, Қызыл үй көшелерінің ескі жолдарында шұңқырлардың көп болуынан көлікпен жүргенде апатқа түсу қаупінің алдын алу мақсатында  жолды жөндеп беруін сұрап өтініш білдірген. «Nur Otan» партиясы Еңбекші аудандық филиалы төрағасы Ғалымжан Ильясовтың ықпалымен  Жыланбұзған елді мекені Қарақыстақ, Қызыл үй көшелерінің жолдарына жөндеу жұмыстары жүргізілді. Құрылыс жұмыстары Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының тапсырысымен жүргізілді. Жол жөндеу жұмыстары сапалы түрде жүргізілді. Жыланбұзған елді мекенінің тұрғыны өз атынан және тұрғындар атынан «Nur Otan» партиясы Еңбекші аудандық филиалы төрағасына өз алғыстарын  білдірді.