Қазақстанның бірнеше өңірінде үсік жүреді
Қазақстанның бірнеше өңірінде үсік жүреді
Қазақстанның бірнеше өңірінде дабылды ескерту жарияланды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК. 5 қыркүйекте түнде Ақмола облысының кей жерлерінде 1-3 градус үсік болуы мүмкін. Көкшетау қаласында топырақ бетінде 1 градус үсік болады. Дауылды ескертудің ықтималдылығы – 90-95%. Дәл осы күні күндізгі уақытта Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде топырақ бетінде 1-3 градус үсік жүруі ықтимал. Түркістан облысының кей жерінде 5 қыркүйекте шаңды дауыл соғады, солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с болуы ықтимал. Қарағанды облысының солтүстігінде 5 қыркүйек түнде 1-3 градус үсік болуы мүмкін. Қарағанды қаласында да топырақ бетінде 2 градус үсік болады деп болжанып отыр.