"7 қыркүйектен бастап мектепке ораламыз": Министрлік түсініктеме берді
"7 қыркүйектен бастап мектепке ораламыз": Министрлік түсініктеме берді
© сурет интернеттен алынды
186
оқылды
Білім және ғылым министрлігі "7 қыркүйектен бастап мектеп оқушылары дәстүрлі білім беру форматына оралады" деген желіде тараған ақпаратты жоққа шығарды.
"Мұндай шешімді бас санитарлық дәрігер қабылдайды, соны дұрыс түсінейік. Қазіргі уақытта бастауыш сынып оқушылары мектепте - кезекші сыныптарда санитарлық талаптарды қатаң сақтай отырып, білім алуда. Сол секілді Денсаулық сақтау министрлігі шағын жинақты мектеп оқушыларына дәстүрлі форматта оқуға мүмкіндік берді. Ал 7 қыркүйектен бастап балалар мектепке оралады деген әзірге әңгіме жоқ. Санитарлық дәрігерлер дәстүрлі оқыту форматына біртіндеп көшуге болатындығы туралы хабарлағаннан кейін біз бұл процесті қолға аламыз. Мектеп әкімшілігі бұл ретте тиісті кесте жасайды. Ондай жағдайда біз барлық ақпаратты балалар мен ата-аналарға алдын ала хабарлайтын боламыз", - деді Білім және ғылым министрлігінің баспасөз хатшысы Гаухар Омарбек.
Ол Білім және ғылым министрлігінің Денсаулық сақтау министрлігіне шығып, дәстүрлі білім беру форматына оралуға рұқсат беруін сұрап, бірнеше рет сауал жолдағанын, бірақ әлі рұқсат алмағандарын да атап өтті.
"Әзірге тек сөз етілген форматта оқуға рұқсат берілді. Денсаулық сақтау министрлігі шешім қабылдаған кезде баршаңызды хабардар етеміз", - деді Омарбек.