Алматыда Абай даңғылында бүкіл көлік ағынына қарсы жүрген көліктің жүргізушісі анықталды. Оның видеосы Тик-Токта жарияланды, содан кейін оны басқа әлеуметтік желілер көшіріп орналастырды. Видеода көлік Абай даңғылы бойымен батыс бағытқа қарай жылжып келе жатып, Сейфуллин даңғылымен қиылысқа келгенде жолдың қарсы бағытына бұрылады. Жүргізуші жанындағы жолаушы мұның барлығын видео түсірген. Әлеуметтік желіде жарияланғаннан күні-ақ видео жойылды. Бірақ оны жүктеп алғандар жетерлік болып шықты. Алматы қаласы ПД баспасөз қызметі ереже бұзған жүргізушінің анықталғанын хабарлады. Әкімшілік хаттама толтырылып, материалдар сотқа жіберілді. Бұл заң бұзушылық үшін жүргізуші куәлігіннен 6 ай мерзімге айырылуы мүмкін. Қалалық полиция мұндай заң бұзушылық өте қауіпті екенін атап өтті, әсіресе көлік ағыны қатты қалада қауіпті. Жүргізуші өзінің қауіпсіздігі ғана емес, айналасындағылардың да жағдайын ойлауы керек.