Елордада демалыс күндері шектеу шаралары сақталады

Елордада демалыс күндері шектеу шаралары сақталады

Алдағы екі күн демалыста еордада бірқатар шектеу шаралары сақталады. Елордада ертең сенбі күні қоғамдық көлік кешкі сағат 11-ге дейін қатынайды. Ал жексенбі, қыркүйектің 6-сы күні жүрмейді. Шаһардың бас санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес, сауда ойын-сауық орындары да жабылды. Жабық базарлардың жұмысы тоқтағанымен, далада сауда істейтіндерге рұқсат. Сондай-ақ шаштараз, сұлулық салондары жұмыс істемейді.