Кәсіпкер аурухана қызметкерлеріне 500 мың теңге қаржылай көмек көрсетті
Кәсіпкер аурухана қызметкерлеріне 500 мың теңге қаржылай көмек көрсетті
99
оқылды
Кәсіпкер Жаңақорған аудандық ауруханасындағы індетпен күресіп жатқан дәрігерлерге, мейірбикелерге өз септігін тигізуді жөн көріп тиісті шешім қабылдады. Қазіргі уақытта елімізде болып жатқан пандемияға байланысты ел басына түскен қиыншылық сәтте халқының ыстық ықыласына бөленіп жүрген жүрегі жомарт азамат  «Нұрбол-И» шаруа қожалығының төрағасы, кәсіпкер, меценат Изатулла Үсенов аудандық аурухана қызметкерлеріне 500 мың теңге қаржылай көмек берді. «Нұрбол-И» шаруа қожалығының төрағасы, кәсіпкер, меценат Изатулла Үсенов аудандық аурухана қызметкерлеріне 500 мың теңге қаржылай көмек берді, соның ішінде оттегі кислородымен демалып жатқан науқастардың баллондарын ауыстырып жүрген мейірбикелердің қызметін бағалап, қаржылай көмек көрсетті.