Бейруттегі үйіндінің астында тірі адам болуы мүмкін
Бейруттегі үйіндінің астында тірі адам болуы мүмкін
211
оқылды
Бейрутта жойқын жарылысқа 1 айдан астам уақыт өткеніне қарамастан үйінділер астанан тірі адам табылып қалуы мүмкін. Чили құтқарушыларының үйретілген иті қираған ғимарат астынан бір тірі жанның жатқанын сезіп, белгі берген, - деп хабарлады 24.kz. Осыдан кейін мамандар арнайы аппаратпен үйінді астында жүрек соғысына ұқсас дыбыс барын анықтаған. Қазір ит көрсеткен жерде іздестіру жұмыстары жүріп жатыр. Жаңалықты ести сала қаланың көптеген тұрғыны осы ауданға жиналған.
"Қазір үйінділерді аршу жұмыстарын тоқтатуға тура келіп тұр. Себебі бір-біріне тіреліп тұрған қабырғалар құлап кетуі мүкін. Сондықтан оларды аршитын арнайы көтергіш құралдарды күтіп отырмыз", - деді Ливан азаматтық қорғаныс қызметінің өкілі Мишель Әл-Мур.