Қазіргі таңда заманға сай өңдеу құны жоғарылаған, сондықтан компаниялардың басым бөлігі техникалық құралдарды толықтай жаңарта алар емес. Дегенмен цифрлы жүйенің жеке элементтері пайдалы әрі тиімді факт.
Жаңа бағдарламалар мен жобаларды енгізу қымбатқа түссе де, өз тиімділігін дәлелдеп үлгерді. Өйткені бірден жақсы нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Еңбекті ұйымдастыру саласындағы цифрлы технологиялар бірнеше бағытты қамтиды. Соның ішінде құжаттарды рәсімдеу, әртүрлі операцияларды кешенді үйлестіру, басқару процестерін автоматтандыруды атап өтсек болады.
Сонымен қатар бүгінде телеметриялық модулі бар «ақылды каска» әзірленді. Ол жұмыс аймағындағы қызметкердің денсаулық жағдайын, ауадағы зиянды қоспалардың немесе жарылғыш газдың шоғырлануын бақылауға мүмкіндік береді. Яғни, жұмысшының денсаулығына және жұмыс орнының қауіпсіздігіне алаңдамауға жағдай жасайды.
Егер кәсіпорын қауіптің жоғары деңгейін, қандайда бір нормадан ауытқуын анықтаса, онда модуль бірден бұлт платформасымен байланыс орнатып, басшылыққа ақпарат береді.
Өнеркәсіптік инновациялардың тиімді мысалдарының бірі – сигналдық құрылғылар түріндегі жаңа еңбек қауіпсіздігі жүйесі. Бұған байланысты әртүрлі бағдарламалар қызмет етеді. Мәселен, олардың кейбіреуі жұмыс аймағында шығарылған жабдықтар туралы сигналды жіберуге мүмкіндік берсе, ал басқалары телеметриялық бақылау жүйесін жүзеге асырады. Олар төтенше жағдайлардың алдын алуға және бақыланатын параметрлерді жинау процесін автоматтандыру бойынша жұмыс істейді. Мұндай бақылау рұқсат етілмеген аймақта сигналға қол жеткізу арқылы объектілердегі оқыс оқиғаларды болдырмауға көмектеседі.
Заманауи технологиялар тек еңбекті қорғау үшін ғана қолданылмайды. Сонымен қатар қызметкерлерді әртүрлі қауіпсіздік техникасын білуге, үйретуге мүмкіндік береді.
Осылайша, жеке кәсіпорындарда виртуалды шындықты тестілеу алаңы ретінде қолданатын арнайы бағдарламалар іске асқан. Төтенше жағдайлардағы әрекет пен қауіпсіздік техникасы дағдыларын игеруге бағытталған мұндай құрылғылар арзан емес. Бірақ олардың тиімділігі іс жүзінде дәлелденген. Сарапшылардың айтуы бойынша, инновациялық әдістер арқылы ақпаратты игеру 80%-ды құраған.
Әлемдік тәжірибеде кадрларға қолжетімді тәсілдің бірі – мобильді қосымшалар арқылы оқыту. Бағдарлама қызметкердің қай жерде екеніне қарамастан, оны қауіпсіздік емтиханына дайындауға көмектеседі. Соның арқасында пайдаланушылар интернет желісіне қосылмай-ақ қажетті нұсқаулар мен ережелерді көріп, оқи алады.
Елімізде Ақмола облысындағы қазандықтардың бірінде цифрлы жабдықтар қолданылады: арнайы датчиктер, бейнебақылау камералары және мобильді қосымша. Smart Heаting технологиясы жабдықтың жай-күйін бақылауға мүмкіндік береді. Ал қалыпты жағдайдан ауытқығанда, яғни қысым жоғарылап, электр қуатын тұтынуда мәселе туындаған кезде қызметкерлерге жылдам хабар жеткізеді. Аталған қосымша қазандықта туындайтын қателіктердің алдын алуға және оларды уақытылы жоюға мүмкіндік береді.
Шетелдік сарапшылардың айтуынша, елімізде жаңа технологияларды қолдану, игеру түрлі тәуекелдерге барып жұмыс істеу шетелдік тәжірибе кезінде тиімділігін дәлелдеді.
Қазақстанда қазірдің өзінде өндірістік кәсіпорындарда цифрлы өзгерістер байқалады. Өзгеріс тау-кен өндірісі, мұнай өңдеу, машина жасау сынды басқа да салаларға енеді.
Айбике ЖАНАСЫЛ