Жүргізуші көлігімен полицейді сүйреп әкеткен
Жүргізуші көлігімен полицейді сүйреп әкеткен
©Сурет интернеттен алынды
116
оқылды
Оқыс оқиға Сайрам ауданы Ақсукент кентінде түнде болған. Жол-патрульдік полиция қызметкері күдік туғызған ВАЗ автокөлігін байқаған.
Осы сәтте учаскелік полиция инспекторы Дәурен Байхарашев тәртіп бұзған жүргізушінің жолын бөгеп үлгерген. Алайда күдікті тәртіп сақшысының талабына бағынбаған. Содан полицей жүріп бара жатқан көліктің капотына секірген. Соған қарамастан тәртіп бұзушы полицейді капоттың үстінен лақтырып жібермекші болып жылдамдыққа басқан.
Дегенмен полицей мен учаскелік инспектордың әріптестері  де күдіктінің ізіне түскен.  Алайда тәртіп бұзушы "Алматы - Термез" тасжолына шығып, Қарабұлақ аулына жетпей, автокөлігін тоқтатып, оқиға орнынан із суытқан. Учаскелік полиция инспекторы Дәурен Байхарашевқа алғашқы медициналық көмек көрсетілген.