Ауыл көшелерін жөндеп берді
Ауыл көшелерін жөндеп берді
173
оқылды
Көп өтпей «Nur Otan» партиясы Еңбекші аудандық филиалының төрағасы Ғалымжан Ильясовтың ықпалымен Жыланбұзған елді мекені Қарақыстақ, Қызыл үй көшелерінің жолдарына толықтай жөндеу жұмыс­тары жүргізілді. Құрылыс жұмыстары Шымкент қаласының Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бас­қармасының тапсырмасы бойын­ша жүйелі түрде жүзеге асырылып, толықтай бақылауда болды. Бүгінде екі көшенің жолы толықтай пайда­лануға берілді. Өтініштері ескерусіз қалмай, мә­се­лелері тез арада шешілген Жы­лан­бұзған елді мекенінің тұрғын­дары «Nur Otan» партиясы Еңбекші аудан­дық филиалының төрағасына алғы­сын жеткізді.  

А.ЖАСАНҰЛЫ