Көп өтпей «Nur Otan» партиясы Еңбекші аудандық филиалының төрағасы Ғалымжан Ильясовтың ықпалымен Жыланбұзған елді мекені Қарақыстақ, Қызыл үй көшелерінің жолдарына толықтай жөндеу жұмыстары жүргізілді. Құрылыс жұмыстары Шымкент қаласының Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының тапсырмасы бойынша жүйелі түрде жүзеге асырылып, толықтай бақылауда болды. Бүгінде екі көшенің жолы толықтай пайдалануға берілді. Өтініштері ескерусіз қалмай, мәселелері тез арада шешілген Жыланбұзған елді мекенінің тұрғындары «Nur Otan» партиясы Еңбекші аудандық филиалының төрағасына алғысын жеткізді.
А.ЖАСАНҰЛЫ