Республикада бүгінде экстракорпоральді ұрықтандырумен (ЭКҰ) айналысатын 26 орталық бар екен. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов мәлім етті. Ел Президенті Үкіметке «Аңсаған сәби» бағдарламасын жүзеге асыруға 2021 жылдан кірісуді тапсырды. ЭКҰ бағдарламасы аясында бөлінетін квота саны алда 7 есе, яғни 7 мыңға дейін ұлғайтылады. – Елімізде 26 ЭКҰ орталығы жұмыс істеуде. Соның ішінде 21-і – жекеменшік. Тәуелсіздік жылдары қолдан ұрықтандыру әдісінің арқасында Қазақстанда 22 мыңнан астам бала дүниеге келді. Енді бедеулік диагнозымен есепте 9 мың 467 әйел тұр, – деді Б.Қожахметов.
Елдос СЕНБАЙ