Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
RU
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Жаңалық жаршысы. Ресми ақпарат. Жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
RU
Басты бет Жаһан

Еуропаның исламға қарсы қозғалыстары нені көздейді?

Таяуда Еуропада бұған дейін ұлтаралық араздықты қоздырды деген айыппен сотталған қоғам белсендісі Дан Марк ислам орталығының алдында «Скандинавияның исламдану салдары» тақырыбында манифестация өткізуге рұқсат беруін сұраған. Ол «Қатал курс» экстремистік партиясының басшысы Расмус Палуданды шақырып, бұл шарада тіпті қасиетті Құран кітабын өртемек болған.  Бірақ Швецияға бара жатқан жолда ұлтшылды полиция тұтқындап, ел аумағына кіруге 2 жылға тыйым салды. Соған қарамастан экстремистік партия өкілдері қасиетті кітапты өртеген. Бұған қарсылық ретінде шведтің Мальме қаласында 300-ге тарта адам көшеге шығып, жолды бөгеп, полициямен қақтығысты. Кейін Норвегияның радикалды ұлтшылдары Еуропаның мұсылмандануына қарсы акция өткізіп, қасиетті кітапты жыртқан. Бұл қатыгез шараларды ресми Анкара айыптап, «расизм және фашизм идеологиясымен әрі қарай да күресетінін» жеткізді.

«Айқын» ақпарат
Қыркүйек 5, 2020
Жаһан, Әлем, Жаңалықтар
Mein Danke

 

Швеция мешіттерінің біраз бөлігі Түркияға бағына ма?

Тарихқа сенсек, Швецияға мұ­сыл­мандардың иммиграциясы 1960 жылдардан басталып, бүгінде жалпы халықтың 8 пайыздан астам үлесін құрайды. Бұл Скандинав елін­де негізінен Ирак, Иран, Бос­ния мен Герцеговина, Косово, Си­рия, Сомалиден келген мұсыл­мандар тұрады. Сондай-ақ соңғы онжылдықта Түркия мен Ливан­ның азаматтары да тұрақтап жатыр.

Футбол сәнін Суперлига кетіре ме?

«Оскар» салтанаты бірнеше елде өтуі мүмкін

Роналду Еуропаның ең үздік футболшысы атанды

Швецияның демографиялық ахуалы мәз емес. Халық саны 10 млн-нан асса да, елдің 22 пайызын не иммигранттар, не олардың ұр­па­ғы құрайды. Кезінде Pew Research Center Швециядағы мұсыл­мандар санын 810 мың адам деп анықтап, 2050 жылға дейін мигра­цияның үш түрлі сценарийін бол­жаған еді. Оған сәйкес, нөлдік миг­рация жағ­дайында 30 жылдан кейін Швеция мұ­сылмандарының саны – 1 130 000 адам (халықтың 11,1 пайызы), орта миграцияда – 2 470 000 адам (халықтың 20,5 пайызы), жоғары миг­рацияда 4 450 000 адам (халық­тың 30,6 пайызы) болады деп дабыл қағады. Швеция билігін алаңдатқан тағы бір мәсе­ле – жергілікті мұсыл­мандар­дың діни білімді исламның уаһһа­биттік бағытын ұстанатын Медина уни­вер­ситетінен алуы. Бұл универси­теттерде әйелдер мен мұ­сылман емес азаматтарға оқуға тыйым ­са­лын­­ғандықтан, швед билігі оларды демократиялық құнды­лық­тарға қарсы деп, шетелдік грант­тарға тыйым салды. Бұдан тыс Шве­ция­ның онға таяу мешітінің имам­дарын Түркияның дін істері жөнін­дегі басқармасы тағайын­дайтыны белгілі болған. Бұл мешіттерде діни уағыздан бөлек, түрік президенті Эрдо­ған­ның да саясаты насихат­талады екен.

Бүгінде Еуропада мұсылман әйелінің туу көрсеткіші – 2,2, ал еуро­палық әйелдікі – 1,4-1,5. Демо­графтар мұсылмандардың туу көр­сеткішінің демографияға тұ­рақты түрде оң әсер ететінін алға тартады. Еуропаның «кәрі құрлық» деп ата­л­­уының тағы бір астары – байырғы халықтың тез қартаю процесі. Есе­сіне, Еуропадағы мұ­сылман­дардың төрттен бір бө­лігін 15-29 жас аралығындағы жастар құрайды. Болжам бойынша, алдағы жылдары Франция, Германия мен Нидер­ландыдағы 11,3 млн мұсыл­ман 16,4 млн адамға дейін артуы мүмкін. Еуроодаққа Түркияның кіруіне рұқсат бермеуінің бірден-бір себебі – исламизация үрдісінің күрт артуынан сескенуі. Егер 82 млн азаматы бар Түркия Еуро­палық Одақтың мүшесі атан­са, ол хал­қы­ның саны бойынша ең ірі еуро­палық мемлекет – Герма­­ния­дан кейін 2-орынға көте­ріліп, тіпті ел­дегі мұсылмандану процесін жыл­дамдатып, еуропалық құнды­лық­тар – демократия, сөз бостан­дығы, гомосексуалды некелердің құлауы­на әкеп соғады деп қорқады сарап­шылар. Америкалық ғалым­дардың есебі бойынша, 2030 жылы Фран­цияда – 6,9 млн, Германияда 5,5 млн мұсылман тұруы ықтимал. Мұсыл­мандары ең көп еуропалық қала­ларға – Париж бен Лондон жатады. Париж мұсылмандары 2 млн адамға таяса, Лондонда 1 млн-нан асқан. Еуропалық сарап­шы­лар әлем аста­наларының мұ­сыл­­ман­дануынан да қауіп көреді.

 

ПЕГИДА қозғалысы – фашизмді
қайта түлете ме?

Еуропаның мұсылмандануына қарсы қозғалыстар күн санап ради­калды идеологияға бой алдырып жатыр. Оның ішінде ең ірі қозға­лыс – ПЕГИДА, яғни Батыстың мұсылмандануына қарсы патриот еуропалықтардың қозғалысы. 2014 жылы Германияның Дрезден қала­сында пайда болған ұйым неміс үкі­метінің иммиграциялық сая­сатына қарсы шығып, радикалды үндеулер таратып келеді. Негізін қалаушы Лутц Бахманның үндеу­лері 2016 жылдан бері Германияның аясынан шығып, еуропалық дең­гейде насихатталып жатыр. Өз үндеулерінде олар христиандық Гер­манияны босқындардан «таза­лау» қажетін талай мәрте көтерген. Бұл қозғалыс немістің көші-қон сая­саты Нидерланды мен Швей­царияның босқындарды қабылдау бағдарламаларынан үлгі алуы керек деген пікірде. Бұл елдерде сырттан келген босқындардың жергілікті мәдениетке сіңісуі, интеграциясы қатты қадағаланады. Сондай-ақ бұл қозғалыс өкілдері өз елдерінде қылмыстық жазаға тартылған им­мигранттар мен босқындарды елге кіргізбеу керек деп санайды.

Eyropa-Islam

2015 жылы Лутц Бахман Facebook парақшасында жазба жария­лап, онда иммигранттарды «хай­уан­дар», «оңбағандар» деп атаумен қатар, Гитлерге ұқсап түскен суре­тін жариялаған. Сурет­тің төбесіне «Ол оралды!» деп жаз­ған. Тіл ма­мандары Бахманның лекси­ко­нында қолда­нылған сөздердің 1930-1940 жыл­дардағы үндеулерге тән бол­ғанын әшкерелесе, қоғам Ку-клукс-клан қозғалысының киі­мін киіп суретке түскен радикалды азаматты сын тезіне алған. Вице-канцлер Зигмар Габриэль «Міне, ПЕГИДА-ның нағыз беті ашылды!» деп мәлімдесе, Германия канцлері Ангела Меркель: «Германияда им­миг­ранттарға қарсы үгіт-насихатқа жол жоқ» деген. Өкінішке қарай, кезінде ПЕГИДА қозғалысының өкілдері аккре­дитациядан өткен журналистерге де қарсы шығып, тіпті қол көтерген фактілері де тір­келген. Бұл қоз­ғалысты Герма­ниядағы еврей қауым­дастығы қолдамайды. Тіпті, ев­рейлердің орталық кеңесінің тө­рағасы Йозеф Шустер: «Гер­манияны ислам жау­лап алады деген ой – Германияда асыра ұлтшылдық қайта жанданады деген сенім сияқты негізсіз» деген еді.

Тағы бір белсенді ұйым – «Еу­ропадағы исламды тоқтамыз» қоз­ғалысы. Данияда карика­туралық даудан кейін іле-шала пайда болған қозғалыс Англияда да наразылық акциясын өткізіп үлгерген. Ең қы­зығы, бұлардың идеологиясын жер­гілікті тұрғындардың қолда­майтыны байқалады, мәселен 2012 жылы Орхус қаласында «Джиһадқа қарсы еуропалық кеңес» атты нара­зылық акциясына небәрі 200 адам барса, солшылдар мен фашизмге қарсы «Орхус көптүрлі болуды қолдайды» шарасына 2,5 мыңнан астам адам жиналған. Ақыр соңын­да екі топ жанжалға бой алдырып, 83 адам қамауға алынған.

Әдетте, мұндай қозғалыстардың заңсыз әрекетін араб елдерінен гөрі, Түркия билігі қатаң әшке­ре­леп, СІМ тарапынан тиісті мәлім­демелер жариялап отырады. Тіпті, елдегі исламофобияға ЕО-дағы экономикалық дағдарыс себеп деп санайды, себебі билік өз қателік­терін исламға қарсы насихатпен жапқысы келеді деген ойда. Еуро­паны жайлаған исламо­фобияның негізгі себеп-салдары әлі де өзекті. Зерттеулерге сенсек, Еуропадағы мұсылмандар қауымы «екі қолына бір күрек» таба алмай отыр. Мәсе­лен, Британияда пәкіс­тандықтар мен бангладештіктердің жұмыс­сыздық деңгейі – 20 пайыз, ал Британия бойынша жалпы жұмыс­сыздық көрсеткіші – небәрі 6 пайыз. Германияда жергілікті тү­ріктер арасындағы жұмыс­сыз­дық – 21 пайыз, ал жалпыұлттық көр­сеткіш – 8 пайыз. Францияда иммигранттар арасындағы жұмыс­сыздық – 22 пайыз, ал ел ішіндегі бұл көрсеткіш – 13 пайыз. Кезінде BBC журналистері елдегі 50 кәсіп­орынға ақ, қара нәсілді және мұ­сылман азаматтарының резю­месін жіберіп, зерттеу жүргізген. Нәти­жесінде, жұмысқа қабылдану мүм­кіндігі ақ нәсілді азамат­тарда – 25 пайызға, қара нәсілді аза­маттарда 13 пайызға жоғары болса, мұсыл­мандарды жұмыс берушілердің 9 пайызы ғана қабылдауға дайын болған. Көп­теген еуропалық мұ­сылмандар әлеу­меттік тұрғын үй­мен қам­тылмаған. Статистика бойынша, еуропалық мұсылман жастарының 70 пайызы жоғары білімге қол жеткізе алмайды. Са­рап­шылар маргиналды жастар экстремистік ұйымдардың оңай жемтігіне ай­на­­лады деп ескертеді.

 

KamshatКәмшат ТАСБОЛАТ

 

 

 
ID: 0
Тегтер: «Қатал курс»Дан МаркЕуропаисламманифестацияэкстремистік партия
Алдыңғы жаңалық

Жинағаныңыз жамау бола ма?

Келесі жаңалық

«Ауыл халқының тіршілігін қаламен теңестіруге болады» – Алмасбек Садырбаев

Ұқсас жаңалықтар

жол, Алматы, астана, Нұр-Сұлтан
Жаңалықтар

Нұр-Сұлтан – Алматы тас жолының құрылысы қашан аяқталады?

Сәуір 22, 2021
ауа райы, жаңбыр, қар,
Жаңалықтар

22 сәуірге арналған ауа райы болжамы

Сәуір 22, 2021
Қазақстан
Жаңалықтар

Қазақстандық төрт боксшы әлем чемпионатының финалына шықты

Сәуір 22, 2021
Шымкент
Жаңалықтар

Шымкенттік тұрғын қызғалдақты жұлғаны үшін 9 миллион теңге айыппұл төлеуі мүмкін

Сәуір 21, 2021

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Нұр-Сұлтан – Алматы тас жолының құрылысы қашан аяқталады?

Сәуір 22, 07:39

22 сәуірге арналған ауа райы болжамы

Сәуір 22, 07:04

Қазақстандық төрт боксшы әлем чемпионатының финалына шықты

Сәуір 22, 00:06

Шымкенттік тұрғын қызғалдақты жұлғаны үшін 9 миллион теңге айыппұл төлеуі мүмкін

Сәуір 21, 23:35

Суперлига турнирі құрыла ма?

Сәуір 21, 22:46

Қарағандыда әкімдік терезесінен ер адам құлап кетіп, көз жұмды

Сәуір 21, 22:20

Шымкентте жол жиегіндегі арықтан әйелдің денесі табылды

Сәуір 21, 21:41
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru
  • www.aikyn.kz
  • www.facebook.com/aіkyn.kz
  • www.twitter.com/aikyn_gazeti

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

Басты жаңалықтар

жол, Алматы, астана, Нұр-Сұлтан

Нұр-Сұлтан – Алматы тас жолының құрылысы қашан аяқталады?

Сәуір 22, 2021
ауа райы, жаңбыр, қар,

22 сәуірге арналған ауа райы болжамы

Сәуір 22, 2021
NurMedia Nur otan
Яндекс.Метрика
  • РЕДАКЦИЯ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАЗЫЛУ

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Онлайн жазылу
  • Жаңалықтар
    • Әлеумет
    • Саясат
    • Экономика
  • COVID-19
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»