Өткелдер неге күзетілмейді?
Өткелдер неге күзетілмейді?
261
оқылды

15 қыркүйек күні кешкісін Ша­мал­ған стансасы аумағында пойыз те­мір­жол өт­ке­лінде тұрған автобуспен соқ­тығысты. Оқиға куә­герлерінің айтуынша, жолаушылар авто­бусы пойыз келе жатқанда теміржолдың үс­тін­де тұрған. Машинист сигнал бер­­ге­ні­мен, автобус орнынан қозғал­ған жоқ. Әлеу­меттік желіде тараған ви­деоға қара­ған­да, те­мір­жол өткелі маңын­да көлік кептелісі бол­­ған.

Осы оқиғаға байланысты Президент Ал­маты облысындағы қайғылы оқиғаға бай­ланысты көңіл айтып, тергеу жұмыстары бас­талғанын жеткізді. Президент Қасым-Жо­март Тоқаев Алматы облысындағы теміржол өткелінде болған апатқа қатысты тергеу басталғанын мәлімдеді. «Алматы облысы Ақсеңгір – Шамалған теміржол өткелінде пойыз автобуспен соқтығысты. Автобуста 67 адам болған. Бір адам көз жұмды, жарақат ал­ғандар бар. Туған-туыс­тары­на көңіл ай­та­мын. Тергеу жұмысы бастал­ды», – деп жазды Мем­­лекет басшысы Twitter парақ­ша­сын­да.

Жалпы, мұндай оқиғалар елімізде соңғы жыл­дары көп қайталануда. Теміржол өткел­де­рінде көлік кептелісін реттеудің де кезі кел­ген секілді. Өйткені бұрындары өткел­дер­дің біразы күзетілетін. Ол жоғарыдағыдай қай­ғылы оқиғаның алдын алуға көп себеп еді. Мұндағы тағы бір мәселе – қоғамдық жә­­не жеке көлік жүргізушілерінің көлік жүр­­­гізу мәдениетінің төмендігі дейді маман­дар.

Бүгінгі күні «Қазақстан темір жолы» ҰҚ» АҚ филиалы, Жүк тасымалы Жамбыл бөлім­шесі мен Жамбыл магистральды желі бө­лім­шесіне қарасты өңірде 74 теміржол өт­келі бар. Оның 27-сі ғана күзетіледі. Бұрын­ғыдай біраз өткелдердегі шлагбаумдар алы­нып тасталған. Яғни, автоматты түрде бас­қару жоқ.

– Жоғарыда атап өткен өткелдердің қа­тарында Бурыл – Жаңатас және Жам-был – Шу теліміндегі теміржол өткелдері күзетіл­мейді. облыс орталығындағы екі-үш өткел ғана күзетіледі. Оларды өткел күзету­ші-кезекші жә­не «Әскериленген теміржол күзеті» АҚ Жамбыл филиалының сарбаз­дары­ күзетеді. Тараз қаласында көлік жүр­гізу­шілері үшін үлкен мәселе тудырып отырған «Қа­ратау өткелі», 5 шақы­рым – «Ауыл бе­реке» базары мен 11 шақы­рым Асқаров кө­ше­сінің соңындағы орталық базарға баратын өт­келдер мен облыс орта­лығының іргесіндегі Жам­был ауданы­ның орталығы Аса ауылын­дағы өткел күзетілмей­ді. Сондай-ақ 28 ша­қырымдағы Жамбыл – Талас бағытындағы өт­кел мен Қант зауытына баратын өткелде күзет бар. Бұл өткелдердегі үлкен мәселе – адами фактор. Жаяу жүргінші көп. Сол жағын да ескеріп отырмыз. Ал осы мә­селе бойынша, «Қазақстан темір жолы» ҰҚ» АҚ басшылығы мен Жамбыл облысы­ның әкім­дігіне бірнеше рет хат түсірдік. Әлі тұщым­ды жауап болмай отыр, – дейді Жам­был магистральды желі бөлімшесі жол бө­лімі­нің басшысы Ермек Мұсабеков.

Біз жоғарыда сөз еткен мәселе бойынша, көлік жүргізушілердің мәдениеті де мәселеге ай­налған. Жамбыл жол дистанциясының бас инженері Ғалымбек Батырбеков аймақ­тағы теміржол өткелдерінде көлік жүр­гізу­шілері жол белгілерін ескере бер­мейтінін алға тартады. Біз жоғарыда сөз ет­кен Ақсең­гір – Шамалған теміржол өтке­лін­де пойыз­дың автобуспен соқтығысуында осы фактор себеп болып отыр. Автобус жүр­гізу­шісі бағдар­шамды елемей, теміржол өт­келіне шығып кеткен. «Егер жүргізуші жол ере­жесін сақтағанда, қайғылы оқиға болмай­тын еді» дейді мамандар.

– Тура осындай жағдай 2013 жылы бізде де болды. Ол жолы жедел жәрдем көлігі асығамын деп телімнің бойына шығып кетіп, пойызбен соқтығысты. Бұл жерде кө­лемді шығын болат жолдың бойындағы қоз­ғалысқа келіп отыр. Бір құрамда кемі жеті-сегіз вагон болса, ұлттық ком­пания әжептеуір шығын көреді. Қозғалыс қауіп­сіздігін ескеруде жүргізушілердің асы­ғыстығы және жол белгілерін елей бермеуі осындай келеңсіздіктерге алып келеді. Өткен жылы ғана Жүк тасымалы Жамбыл бөлімшесінің директоры Берік Ақшаловтың бастамасымен Жергілікті жол-патрульдік полициясының қызметкерлері күз ай­ла­рын­да бірнеше рет рейд өткізді. Сол жолы біз сөз еткен «Қаратау өткелі», 5 шақырым «Ауыл береке» базары мен Асқаров көше­сі­нің соңындағы 11 шақырымдағы өткелдерде жүргізушілерге жол ережесін бұзғаны үшін бірнеше хаттама толтырылды. Биыл біздің бөлімшеде көлік пен пойыздың соғысу оқи­ғасы болған жоқ. Ал біздің тарапы­мыз­дан теміржол өткелдерінде теміржолдың қауіп­ті аймақ екені жөнінде арнайы бан­нер­лер ілініп, жергілікті БАҚ беттерінде хабар­лан­дырулар бе­ріліп отыр. Дегенмен Жергі­лікті поли­ция­ның жол-патрульдік қызметі арқылы бірлесе жұмыс жүргізе береміз, – дейді Жамбыл жол дис­танциясының бас инженері Ғалымбек Батырбеков.

 

Жамбыл облысы