Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
RU
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Жаңалық жаршысы. Ресми ақпарат. Жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
RU
Басты бет Әлеумет

Жауапты кезеңдегі Жолдаудың міндеті зор

Атырауда  Мемлекет бас­шысы Қасым-Жомарт Тоқаев­тың «Жаңа жағдайдағы Қазақ­стан: іс-қимыл кезеңі» атты Жол­дауында айқындалған ба­сымдықтарды талқылауға арналған актив жиыны өтті.

«Айқын» ақпарат
Қыркүйек 5, 2020
Әлеумет, Жаңалықтар, Қазақстан
Atiray Jolday

JOLDAY2020

 

 

Атыраулық тұрғынның үйінен 1 тонна балық табылды

Алаш арысы ардақталды

Қиғаш бойындағы шекара

 

 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына ар­наған Жолдауында еліміздің бар­лық үш билік тармағы, қоғам мүшелері үшін алдағы уақыттағы дамудың мақсаттары мен міндет­терін айқындады. Жолдауда көр­сетілген міндеттер қоғамдық өм­­ір­­­­дің барлық салаларын нақты қам­ту­мен ерекшеленді. Бір сөзбен айтқанда, Мемлекет басшысының Жолдауы – болашаққа бағдарлан­ған өрлеуді, жаңаша дамуды көз­дейтін бағдарламалық құжат.

Облыс активінде ай­мақ бас­шысы Махамбет Досмұхамбет­ов Жолдау жүктеген міндеттерге қа­тысты арнайы баяндама жасады.

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына кезекті Жолдауы – бү­кіл халқымыздың назарын ау­­­да­рып, қызу талқыланып, алыс-жақын шетелдерде пікір туын­да­тып отырған айрықша мағына­ға ие құжат. Бүкіл әлемді күйзел­тіп, жас мемлекетімізге үлкен сын болған пандемия және эко­номикалық-қаржылық дағдарыс жағдайындағы алға қарай даму­дың тетіктері мен нақты істері осы Жолдауда баяндалған. Айта ке­тейін, Жолдаудың мазмұны қазіргі қиындықтарды еңсерумен шектелмейді. Мемлекет бас­шысының Жолдауы билік ор­ган­дарының қызметіне тың сер­пін беріп, жаңа сапалық дең­гейге көтеруді көздейді. Әлем эко­номикасына орасан зор шығын тигізген коронавирус пандемиясы біздің облысымыздың да әлеумет­тік-экономикалық дамуына бел­гі­лі бір деңгейде теріс әсер етті, бұл – жасырын емес. Десек те, өңірдегі ахуал тұрақты. Атырау облысының экономикалық даму үдерісін сақтап, халықты әл­еуметтік қолдау бағытында ша­­ралар қабылдануда. Эко­но­мика, мемлекеттік басқару, аза­маттардың құқықтарын қорғау, экология, әлеуметтік сала, өңірлік даму, қоғамның белсенділігін арт­­­тыру – бұлардың барлығы да хал­қымыздың жақсы өмірін қам­­та­масыз етіп, Қазақстанның бо­ла­шағын айқындап, озық ел­дер­­дің қатарына қосылуымызға тікелей әсер ететін аса маңызды фак­тор. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы өзі­не тән жаңашылдықпен осы басым­дықтарды іске асырудың тың те­тіктерін белгілеп берді. Соларды басшылыққа алып, жүйелі жұ­мыс жасау – бұл жергілікті би­ліктің бас­ты ұстанымы болмақ, – де­ген аймақ басшысы Махамбет Досмұхамбетов Жолдаудағы бар­лық бағыттағы мәселелерді өз дә­режесінде ұйымдастыруда жер­гілікті атқарушы билік тара­пы­­на жауапкершілік жүктейтінін айт­ты.

Аймақ басшысы Жолдаудың басым бағыттарынан туындайтын міндеттерге тоқталды. Оларды жер­гілікті деңгейде іске асыру үшін қандай жұмыстар атқарылуы тиіс екенін атап өтті.

– Осы жылдың 7 айындағы көр­сеткіш бойынша, бүгінде өңірдегі өнеркәсіп өнімінің кө­ле­мі 2,9 трлн теңгені құ­раса, тау-кен өнеркәсібінде 2,6 тр­лн теңге сомасында өнім өн­дір­ілген. Сонымен қатар осы мер­зім аралығындағы ауыл шар­­­уа­шылығының жалпы өнім көр­­сеткіші – 31 млрд теңгені құ­рап отыр. Одан бөлек, 2020 жыл­ға көлік инфрақұрылымын да­мытуға республикалық және жер­гілікті бюджет есебінен 41,5 млрд теңгеге 37 елді мекенді қам­тып, 223 шақырымнан ас­там жергілікті маңызы бар жол­дарды жөндеу жоспарланған. «Сы­баға», «Еңбек», «Қарапайым заттар экономикасы» несиелік бағдарламалары арқылы 672 бас мүйізді ірі қара, 817 бас жылқы, 1 853 бас қой-ешкі сатып алынды.

Іске асырылып жатқан ірі жобалар: облыстық маңыздағы «Индер – Қарабау – Миялы – Са­ғыз» автомобиль жолының 123 шақырымдық Қарабау– Мия­лы аралығын қайта жаңғырту аяқта­лып, 87 шақырымды құрайтын Индер – Қарабау аралығының жол құрылысы басталды. «Га­нюш­кино – Приморье – Утеры –Котяевка» жолының 29 ша­қыры­мы күрделі жөнделуде.

Жергілікті жол құрылыс жұ­мыс­тарына 2 630-дан астам маман тартылып отыр. Жобалар «Нұрлы жол» «Өңірлерді дамыту», «Ауыл – ел бесігі», «Жұмыспен қамтудың жол картасы», «Моноқалаларды дамыту» бағдарламалары аясында жүзеге асырылуда, – деген аймақ басшысы өңірдегі шағын және орта бизнес, сапалы білім беру, денсаулық сақтау саласын дамыту, экология және биоалуантүрлілікті қорғау, цифрландыру мен азамат­тардың мемлекеттік басқару ісіне қатысуы, ұлттың жаңа болмысы туралы айтып, Жолдаудағы мін­дет­терді тиянақты орындауда жұ­мыла қызмет еткенде ғана нәтиже бо­ларын тілге тиек етті.

Актив жиында сөз алған Мем­­ле­кет­тік қызмет істері агент­тігі­нің Атырау облысы бойынша де­партаментінің басшысы Сала­уат Мүкісімов те Жолдаудың мемле­кеттік басқару, мемлекеттік қыз­мет саласындағы бағыттарына тоқ­тал­ды.

– Мемлекет басшысының ай­туынша, азаматтардың әл-ауқа­тын шын мәнінде жақсартқымыз келсе, олардың өздерін осы іске белсенді түрде тартқан дұрыс. Мем­ле­кет­тік басқарудың жаңа моделі әр азаматтың мұқтаж­дығын, халықтың үнін естуге ба­ғытталған. Негізгі өзгерістер өңірлерден бастау алмақ. Біздің өңірдегі 69 ауылдық әкімнің 22-сінің өкілеттік мерзімі келесі жылы аяқталады. Сондықтан ауыл әкімін сайлау ісі біз үшін өзекті, – деген Салауат Мүкісімов Жол­дауда жаңа басқару моделі, мемлекеттік менеджменттің жаң­­ғырту секілді концептуалды мә­селе­лердің айқындалғанына тоқталды.

Жиын барысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бо­йынша департаменті басшы­сының бірінші орынбасары Ай­дос Мамыт, Атырау облыстық ауруханасының басшысы Ербол Иманғалиев, Атырау қаласы Үш тіл­де оқытатын дарынды бала­ларға арналған №30 мектеп-гим­назиясының директоры Гүлфия Есқайырова және «АМӨЗ» бас директоры Шухрат Данбай Жол­­дауда белгіленген бағыттар бойынша баяндама жасап, өз ой-ұсыныстарын айтып, қолдау біл­­дірді.

 Активті қорытындылаған аймақ басшысы М.Досмұхамбет­ов:«Алдымызда ауқымды әрі күр­делі міндет тұр. Соларды та­бысты жүзеге асыру үшін тың тә­сіл, жаңаша ойлау, жалпы­ұлттық ынтымақ және өзара қол­­дау қажет» деп Мемлекет бас­­шысы Жолдауда атап өткен осын­дай қасиеттерді бойымызға жинап, ұтымды қимылдайтын болсақ, кез келген қиындықты ең­серіп, биік асуларды мең­геретініміз анық. Сондықтан де­путаттарды, мемлекеттік қыз­­метшілерді, Атыраудың бар­лық саналы азаматтарын осы құндылықтардың айналасында топтасып, қажырлы еңбек етуге шақырамын, – деп Президент Жолдауында белгіленген ба­ғыт­тардағы мәселелерді өз дәре­жесінде ұйымдастырып, әрі қарай іске асыруды орынбасарларына, Атырау қаласы және аудан әкім­деріне тапсырды.

 

Тұрсын ЖҰМАБЕКҚЫЗЫ,
Атырау облысы

 

 

 

 
ID: 0
Тегтер: актив жиынАтырауЖолдауҚасым-Жомарт Тоқаев
Алдыңғы жаңалық

5 жасар бала балабақшаға барып, мүгедек болып қалды (видео)

Келесі жаңалық

Ресейге санкция қолданылуы мүмкін

Ұқсас жаңалықтар

пневмония, ауру, науқас
Жаңалықтар

Пневмониядан бір күнде 4 адам қайтыс болды

Сәуір 22, 2021
Алматы, Наурызбай ауданы, су құбыры, адам өлімі
Жаңалықтар

Алматыда су құбырын тартып жатқан ер адам қаза тапты

Сәуір 22, 2021
коронавирус, ауру, науқас
Жаңалықтар

Қазақстанда коронавирусқа шалдыққандар саны қайтадан күрт көбейді

Сәуір 22, 2021
Қарағанды, жедел жәрдем, жұмыс, жылы киім
Жаңалықтар

Жылы киім сұраймын деп жұмыссыз қалды

Сәуір 22, 2021

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Пневмониядан бір күнде 4 адам қайтыс болды

Сәуір 22, 09:07

Алматыда су құбырын тартып жатқан ер адам қаза тапты

Сәуір 22, 08:44

Қазақстанда коронавирусқа шалдыққандар саны қайтадан күрт көбейді

Сәуір 22, 08:15

Жылы киім сұраймын деп жұмыссыз қалды

Сәуір 22, 08:07

Нұр-Сұлтан – Алматы тас жолының құрылысы қашан аяқталады?

Сәуір 22, 07:39

22 сәуірге арналған ауа райы болжамы

Сәуір 22, 07:04

Қазақстандық төрт боксшы әлем чемпионатының финалына шықты

Сәуір 22, 00:06
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru
  • www.aikyn.kz
  • www.facebook.com/aіkyn.kz
  • www.twitter.com/aikyn_gazeti

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

Басты жаңалықтар

пневмония, ауру, науқас

Пневмониядан бір күнде 4 адам қайтыс болды

Сәуір 22, 2021
Алматы, Наурызбай ауданы, су құбыры, адам өлімі

Алматыда су құбырын тартып жатқан ер адам қаза тапты

Сәуір 22, 2021
NurMedia Nur otan
Яндекс.Метрика
  • РЕДАКЦИЯ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАЗЫЛУ

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Онлайн жазылу
  • Жаңалықтар
    • Әлеумет
    • Саясат
    • Экономика
  • COVID-19
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»