5 жасар бала балабақшаға барып, мүгедек болып қалды (видео)
5 жасар бала балабақшаға барып, мүгедек болып қалды (видео)
©Сурет интернеттен алынды
382
оқылды
5 жасар Максим Бардин денешынықтыру сабағында әжетханаға сұранған. Сөйтіп тәрбиешілер оның өзін жібере салған. Жол ортада баланы шөл қысқан. Содан Максим құмырада тұрған суды ішіп алған. Алайда ол судың орнына  натрий гидроксиді ерітілген суды ішіп қойған.
Ал оның не түсі, не иісі, не дәмі болмайды. Оны судан ажырату қиын. Бала айырмашылығын байқамаған да. Соның салдарынан Максимның өңеші мен асқазаны күйіп қалған. Дәрігерлердің оның өмірі үшін күресіп жатқанына үш ай болған.
Ал балабақшада алғашқы көмек көрсетілмеуінен бала сөйлей алмай қалды. Тіпті 12 келіге жүдеп кеткен. Бұл іске кінәлілер әлі анықталған жоқ. Балабақша басшысы болса оларда ондай заттың болмағанын айтуда. Сонда баланың ішкені не? Бұл жерде өтірік айтып тұрған бала ма, балабақша ма? https://youtu.be/9cWaBCeBDvY