АҚШ Иранның Ұлттық банкіне қарсы санкция енгізді
АҚШ Иранның Ұлттық банкіне қарсы санкция енгізді
148
оқылды

АҚШ президенті Дональд Трамп Вашингтонның Иран Ұлттық банкіне санкциялар енгізгенін мәлімдеді. The Hill басылымының жазуынша, Трамп мұндай мәлімдемені Ақүйде Австралия премьер-министрі Скотт Моррисонмен кездесудің алдында жариялады,– деп хабарлайды Ведомости сайты.

Президент Трамп санкциялардың неге байланысты екенін нақты көрсетпеді, бірақ оларды Иранға қолданылған ең қатал шаралар деп атаған. Ал, АҚШ Қаржы министрі Стивен Мнучин банктің Иран билігі үшін соңғы қаржы көзі болғанына айтты.

Санкциялар Сауд Арабиясындағы мұнай нысандарына дрондардың шабуылына байланысты салынған. АҚШ билігі мен Эр-Риядтың пікірінше, бұл шабуылдың артында Иран тұр.

Айта кетейік, 14 қыркүйек күні ұшқышсыз басқарылатын дрондардар шабуылынан кейін Сауд Арабиясы мұнай өндіруді тәулігіне 5,7 миллион баррельге (өндірістің жартысынан көбі) қысқартты. АҚШ пен Сауд Арабия билігі шабуылға Иранды айыптаған. Тегеран бұл айыптауларды жоққа шығарды.

Иранның Ұлттық банкі – елдегі ең ірі коммерциялық қаржы институты, банк активтері 2016 жылы шамамен 80 миллиард долларға бағаланған. Несиелік ұйымның бүкіл Иран бойынша 3000-ға жуық филиалы бар.