Иранның СІМ АҚШ-тың санкцияларына қатысты мәлімдеді
Иранның СІМ АҚШ-тың санкцияларына қатысты мәлімдеді

Вашингтон АҚШ-тың санкция саясатының сәтсіз болғанын түсінуі керек,– деді Иран СІМ өкілі Аббас Мусави АҚШ-тың Иранның қаржы институттарына қарсы санкцияларына түсініктеме беріп. Бұл туралы РИА Новости хабарлады.

«Америкалықтар (олардың) санкциялар саясаты жеңілген саясат екенін мойындауы керек. Оны шамадан тыс енгізу және долларды қаруға айналдыру АҚШ пен оның экономикасының халықаралық қауымдастықтағы беделіне айтарлықтай нұқсан келтірді»,– деді Мусави жарияланған санкцияларға назар аудармай. «Жаңа ештеңе жоқ – бұлар «жаңа түрдегі ескі санкциялар».

 Иран СІМ ресми өкілінің айтуынша, америка әлемдегі жалғыз экономикалық держава емес.

 Америка Құрама Штаттары жұма күні Сауд Арабиясының мұнай өнеркәсібіне жасалған шабуылдарға байланысты Орталық банк пен Иранның Ұлттық даму қорына қарсы санкциялар жариялады. Вашингтон Тегеранды айыптайды, ал Иран билігі өз кезегінде барлық айыптарды жоққа шығарады. АҚШ президенті Дональд Трамп жаңа санкцияларды «осы уақытқа дейінгі ең қаталы» деп атаған.