Елімізде 29 бала коронавирустан емделіп жатыр
Елімізде 29 бала коронавирустан емделіп жатыр
©Сурет интернеттен алынды
100
оқылды
Қазір коронавирустан 5 589 адам ем қабылдап жатыр. Оның арасында 29 жасөспірім бала бар.
Стационарларда 2 839 науқас жатса, 2 750 адам амбулаториялық жағдайда емделуде. Жалпы науқастардың арасында 148-нің ахуалы нашар. Соның ішінде 16-ның ахуалы өте ауыр. Ал 25 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі бұдан былай тәуліктік көрсеткіш туралы ақпаратты күн сайын үнемі үзбей жариялап отырады. Барлық мәлімет ресми сайтта және ведомствоның әлеуметтік желілердегі парақшалары арқылы таратылады.