Балаңыздың көңіл күйін таба аласыз ба?
Балаңыздың көңіл күйін таба аласыз ба?
©Сурет интернеттен алынды
371
оқылды
 Ондай құбылыс ересектерде ғана емес, балаларда да кездеседі. Сондай сәттерде баланың көңілін басқаға дүниеге аудартып, сергітіп алуға болады.
Ол үшін алдымен балаға өзі жақсы көретін тәттілерді аз-маз беріп, әңгімеге тартқан жөн. Әңгіме барысында балаңыз не айтса да «солай болатынын білгенмін» не болмаса «саған ескерткенмін» деп бетінен бас салуға болмайды. Әйтпесе балаңыз сізге сенуден, сыр бөлісуден қалады. Тіпті, ол мәселенің басын ашып айтқысы келмей, «бәрі дұрыс» деп қашқақтаса оны қинамаңыз. Шыдамдылық танытсаңыз,  уақытында өзі сізге келіп шерін тарқатар.
Кейбір балалар өзінің жақсы көретін мультигі мен киносын ата-анасының құшағында жатып, бірге көргісі келеді. Не болмаса әке-шешесімен қонаққа барғанға да қуанып қалады. негізі көп бала әуенді тыңдағанды ұнатады. Ондайда ән айтып, баламен бала болып билеген жөн. Бастысы – баланың қолға алған ісін сынға алмаңыз. Бәріне түсіністікпен қараңыз.