Рұқсат етілмеген митинг: Екі қалада 57 адам ұсталды

Рұқсат етілмеген митинг: Екі қалада 57 адам ұсталды

Бүгін Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында заңсыз ұйымдастырылған митингке шыққандар болды,– деп хабарлайды ҚР ІІМ баспасөз қызметі.

«Прокуратураның бірнеше мәрте ескертуіне қарамастан, жекелеген азаматтар тыйым салынған экстремистік ұйымның арандатушылық үндеуіне еріп кетті. Олардың кейбірі құқық қорғау органдары қызметкерлеріне заңға қарсы әрекеттер жасап, өзге азаматтардың мазасын алып, жол қозғалысы қауіпсіздігіне қатер төндірді. Осыған байланысты, ішкі істер органдары қоғамдық тәртіпті бұзудың алдын алу бойынша заңда көзделген шараларды қабылдады»,– деп мәлімдеді министрліктен.


Ведомство мәліметінше, қазіргі уақытта құқықтық тәртіпті бұзғаны үшін екі қалада 57 адам ұсталған. Оларды әкімшілік жауапкершілікке тарту мәселесі қарастырылып жатыр.