Көк шәй қартаюды баяулатып, ағзаны жасартады
Көк шәй қартаюды баяулатып, ағзаны жасартады
©Сурет интернеттен алынды
297
оқылды
 РИА Новости хабарлауынша, дәрігер күніне екі-үш шыны көк шай ішуді ұсынған.  Себебі, көк шайда катехин көп, олар аутофагия процесін жеделдетеді. "Бұл процесс қартаюды баяулатады және организмнің жасаруына себеп болады", - дейді маман. Гинзбургтың сөзінше, адам организмін жасартуға арналған өнімдердің ішінде зәйтүн майы, зығыр тұқымы және балық та бар. Диетолог бұл өнімдерде қанықпаған май қышқылы көп, олар қабынуға қарсы әсерге ие және тамырларды атеросклероздан қорғайтынын айтады. Сонымен қатар, маман диетаға ащы шоколадты қосуды ұсынды, себебі оны өндіруде қант алмастырғыш қолданылады. "Қан құрамындағы глюкозаның мөлшерін азайту үшін қанттың орнын басқа өніммен алмастыру керек", - дейді дәрігер.