Президенттік саябақ аумағандағы қоймадан өрт шықты
Президенттік саябақ аумағандағы қоймадан өрт шықты
201
оқылды
Елордадағы президенттік саябақ аумағында өрт шықты. Бұл жайында ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінен хабарлады. Ведомство мәліметінше, Нұр-Сұлтан қаласының «101» пультіне сағат 16:59-да Президенттік саябақ аумағындағы қоймадан өрт шыққандығы туралы хабарлама түскен. Оқиға орнына жеткен өрт сөндіру бөлімшесі 40 тоннаны контейнермен оған жапсарлас салынған қойманың өртеніп жатқанын анықтаған. «Қабылданған шаралардың арқасында 60 шаршы метр аумақты шарпыған өрт сағат 17:09-да сөрдірілді. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. Өртті сөндіруге елорданың ТЖД жеке құрамының 15 маманы мен 3 техникасы жұмылдырылды», – деп хабарланды комитеттен.