«Ол бокстың жарқын үлгісін көрсетті»: Тоқаев Нұрдәулетовті құттықтады
«Ол бокстың жарқын үлгісін көрсетті»: Тоқаев Нұрдәулетовті құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бекзат Нұрдәулетовті Екатеринбургте бокстан өткен әлем чемпионатындағы жеңісімен құттықтады.

«Бекзат Нұрдәулетовті Екатеринбургте өткен бокстан Әлем Чемпионатында көрсеткен керемет өнерімен құттықтаймын. Ол бокстың жарқын үлгісін көрсетті. Спортта Бекзат зор табысқа жетеді деп сенемін. Токио Олимпиадасында Бекзатқа жеңіс тілеймін! Тек қана алға!»,– деп жазды мемлекет басшысы Twitter парақшасында.

 Қазақстандық боксшы Бекзат Нұрдәулетов Екатеринбургте бокстан өткен әлем чемпионатында алтын медаль иеленді. Ол қарсыласы Өзбекстаннан келген 20 жастағы Дилшодбек Рузметовті жеңді.