Әуежайда коронавирусқа байланысты қауіпсіздік шаралары күшейтілді
Әуежайда коронавирусқа байланысты қауіпсіздік шаралары күшейтілді
©Сурет интернеттен алынды
Қазір әуежайда тепловизорлар орнатылып, санитайзерлер мен басқа да қорғаныс құралдары сатып алынды.
Әкімдіктің хабарлауынша, Нұрсұлтан Назарбаев атындағы халықаралық әуежайда санитарлық шаралар күшейтілді. Профилактикалық жұмыстар күн сайын жүргізіледі. Әр үш сағат сайын әуежай аумағы, қызметтік үй-жайлар, арнайы құралдар, сондай-ақ адамдар көп шоғырланған жерлерде дезинфекция жасалады.
«Біз терминалдардың барлық кіреберіс топтарына 15 термокамера орнаттық, жеке қорғаныс құралдары, маскалар, қолғаптар сатып алдық. Антисептиктер әуежайдың барлық терминалында және әкімшілік ғимаратында бар. Жолаушылар жиналатын жерлерде арақашықтық сақтау белгілері, орындықтарға ленталар жапсырылды», - деді «Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Арнабол Бақыт.