Полицейлер мәйіттің дене жарақатына қарап, оны қинап өлтіргенін анықтады.
Марқұмның әпкесі жоғалып кеткен күні аулада тұрған інісіне ұзын бойлы, бейтаныс адамның қасына келіп, үйіне қонаққа шақырғанын көрген. Кеш қарайған шақ еді. Інісі барғысы келмей, қашқақтап еді. Әлгі кісі шақыруын қоймады. Сөйтіп, екеуі ұзақ уақыт сөйлесіп тұрған. Ақырында інісі келісіп, үйде 40 минутта болатынан әпкесіне ескертіп кеткен. Ол содан бері інісін көрмеген екен.Әйел інісін бірнеше күн бойы күткен. Телефонына қоңырау да шалған. Бірақ ешкім жауап бермеген. Артынан мүлдем телефоны өшіріліп, қоңырау да бармай қалған. Ал полицейлер, 5 қыркүйекте жоғалған адамның мәйітін тауып алды. Қазір аталған факт бойынша Қылмыстық кодекстің 99-бабы, 1-бөлігі «Адам өлтіру» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.