Мбаппе оралады
Мбаппе оралады
189
оқылды

«Пари́ Сен-Жерме́н» футбол клубының шабуылдаушысы Килиан Мбаппе белінен алған жарақатынан айығып, жұма күні жалпы құрамада жаттығу өткізді. Бұл туралы L’Equipe хабарлайды.

Осылайша, 20 жастағы футболист 1 Лиганың 6 турындаға матчта «Лионмен» ойын көрсетуге дайын. Алайда, оның матчқа нақты қатысатыны расталмады.

Кезекті форвард Эдинсон Квани жақында болатын матчтарға қатыса алмайды. Ол белінен алған жарақаттан толық айықпапты. Әзірге жеке бағдарлама бойынша дайындық жүргізуде.