Hilton қонақ үйлер желісінің басшысы өмірден өтті
Hilton қонақ үйлер желісінің басшысы өмірден өтті
244
оқылды

Лос-Анжелесте Hilton қонақ үйлер желісінің басшысы Баррон Хилтон 92 жасында өмірден озды. Бұл туралы Conrad N. Hilton сайтында хабарланады.

Қорды Hilton компаниясының негізін салушы әрі Баррон Хилтонның әкесі Конрад Хилтон құрған. Желі басшысы осы қорға өзінің байлығының 97 пайызын қалдырған.

Танымал отельер 91 жасында өмірден өткен еді.

Қайырымдылық қорының қазіргі иесі Стивен М.Хилтон өзінің әкесі туралы естелігінде өзінің сегіз баласына үлгі, жарына адал жар бола алған ардақты жан екенін жазады. «Ол ұлы оқиғалар мен айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізіп, өмір сүрді», - деп жазады оның ұлы.

Баррон Хилтонның немересі Пэрис Хилтон өзінің Twitter парақшасында атасының өмірден өткеніне қатты қайғырғанын жазады.

Баррон Хилтон 1927 жылы Далласта дүниеге келген. Ол өзінің әкесі К.Хилтонмен 1937 жылы Лос-Анжелеске көшіп келіп, қонақ үйге келген меймандардың көліктерін автотұраққа қойып, алғашқы еңбек жолын бастаған. 30 жыл  бойы Hilton Hotels Corporation-нің бас директоры болды. Өз мансабы тұсында ол қонақ үйлердің санын көбейтіп, миллиардер атанды. Hilton қазіргі уақытта ең ірі қонақ үйлердің бірі, 4200-ге жуық қонақ үйі мен курорт аймақтары бар. Әлемнің 93 елінде орналасқан. Жаһандық қонақ үйлер желісі Алматы мен Нұр-Сұлтанда да бар.