Хабарландыруды көргендер пәтер жалдау үшін оған хабарласып, келіспекші болады. Алаяқ пәтерді беруге келісіп, алдын ала 20 мың теңгеге төлем жасауын өтінеді. Ақша аударылған соң пәтер жалдаушылармен байланысын үзіп, хабарсыз кетеді. Алаяқтық жасады деген күдікпен Ақтөбе қаласының тұрғынын Елорда полициясы ұстаған болатын.
Polisia.kz мәлімдеуінше, жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Елорданың Сарыарқа ауданы бойынша криминалдық полиция қызметкерлері 23 жастағы Ақтөбе қаласының тұрғынын ұстады. Осы факт бойынша Қылмыстық кодексітің 190 бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ал жәбірленушіге келтірілген шығын мөлшері қайтарылды.