Баянауыл ауданының аумағындағы өрт ауыздықталды
Баянауыл ауданының аумағындағы өрт ауыздықталды
124
оқылды

Баянауыл ауданындағы өрт шарпыған бес ауылдық округтің үшеуінде өрт толықтай сөндірілді. Жапа шеккендер мен жарақаттанғандар жоқ.Бұл туралы Павлодар облысының баспасөз қызметі хабарлайды.

Павлодар облысы әкімінің тапсырмасы бойынша құрылған штаб қызметкерлері өрт сөндіру жұмыстарының нәтижелері туралы айтып берді. Қызыл от шарпыған үш ауылдық округте өрт толық сөндірілді, тағы да екі ауылда өрттің бетін қайтарды. Сонымен қатар, Баянауыл ұлттық табиғи паркінің тау бөктерлеріндегі өртті сөндіру жұмыстары да жүріп жатыр.