Алматыда Land Cruiser жүргізушісі 9 минут ішінде 12 заң бұзушылық жасады
Алматыда Land Cruiser жүргізушісі 9 минут ішінде 12 заң бұзушылық жасады
©Сурет интернеттен алынды
Жергілікті полиция қызметкерлері Абай мен Сейфуллин көшелері қиылысында қарсы жолға шығып кеткен көлік жүргізушісін әкімшілік кодекстің бірнеше бабы бойынша жауапқа тартты.
Көлік жүргізушісі азамат «Е» 19 жаста. Оның 30 тамыз күні таңертең ерте жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзғаны анықталды. Абай даңғылымен батыс бағытта келе жатып, Сейфуллин мен Мұқанов көшелері арасындағы аралықта ол екі рет қарсы жолаққа шығып кеткен.
«Белгісіз болып қалады деген үмітпен жас жігіт көліктің мемлекеттік тіркеу белгілерін алып тастаған. Біздің бөлімнің қызметкерлері қаладағы бейнебақылау жүйелері арқылы күдіктіні анықтады. Қозғалыс кезінде 9 минут ішінде ол жол қозғалысы ережелерін 12 рет бұзды», - деді Алматы қаласы жергілікті полиция басқармасы басшысының орынбасары Ерік Насырбеков.