Жолдың бойында мал жайғандар жазаға тартылды
Жолдың бойында мал жайғандар жазаға тартылды
©Сурет интернеттен алынды
12 ірі қара мал қараусыз күйде Железнодорожный ауданы аумағындағы жолдың бойында жайылған.
Іздестіру шараларының барысында мал иелерінің Ақмола облысы Шұбар ауылында тұратындығы анықталды.
Белгілі болғандай, ірі қара мал екі адамға тиесілі болып шықты. Олар ауыл шаруашылығы жануарларын бағу ережесін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар мал иелеріне профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.