Бауыржан Байбек отандық телеарнаға эксклюзивті сұхбат берді
Бауыржан Байбек отандық телеарнаға эксклюзивті сұхбат берді
206
оқылды
Сұхбат барысында партия Төрағасының Бірінші орынбасары Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жуырда ғана халыққа арнаған Жолдауында айтылған өзекті мәселелерге кеңінен тоқталып, партияның мақсат-міндеті, алдағы жоспары туралы айтты. Сонымен қатар журналистердің партияішілік сайлау – праймеризге қатысты сұрақтарына жауап берді. Елбасы, партия Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев  видеоүндеуінде праймериз ашық, әділ, тең жағдайда өту керек екенін айтып, тапсырма берген болатын. Бауыржан Қыдырғалиұлы бүгінде партия Елбасы тапсырмасын орындауда белсенді жұмыс істеп жатқанын тілге тиек етті. Сондай-ақ ол қай кезде де ел ішіндегі мәселе  ашық айтылу керек екенін жеткізді.
– Праймериздің негізгі мақсаты – жаңа адамдарды партияға әкелу. Қазір заңда көрсетілген 30 проценттік квота бар. Әйел азаматтарға, жастарға. Сайлаушылардың 52 пайызы – әйел азаматтар. Жастар да сайлаушылардың 40 пайызын құрайды. Мәслихаттарға келетін болсақ, жастардың саны – 3 пайыз ғана. Дисбаланс бар, – деді Бауыржан Байбек.
https://www.youtube.com/watch?v=woYoZH7zOYo&feature=youtu.be&ab_channel=%D0%A2%D0%B5%D0%BB%D0%B5%D0%BA%D0%B0%D0%BD%D0%B0%D0%BB%D0%90%D1%81%D1%82%D0%B0%D0%BD%D0%B0%2FAstanaTV