Apple өнімдеріне арналған операциялық жүйенің жаңа нұсқасына ресми түрде қазақ тілі қосылды.
iOS-тағы пернетақтаға 38 жаңа тіл қосылған, оның қатарында қазақ, қырғыз, моңғол, түркімен, тәжік, күрд, ұйғыр және өзбек тілдері бар.
Өзбек тілі араб, кириллица және латын графикасында қолжетімді. Толық нұсқаны Apple сайтынан көруге болады.