Синоптиктердің болжауынша, 7 қыркүйекте Қазақстанның басым бөлігінде солтүстік және оңтүстіктен соққан циклондар әсер етеді. Сондықтан кей жерлерде найзағай жарқылдап, жаңбыр жауады. Тек еліміздің оңтүстігі мен батысында күн райы ашық болады. Сондай-ақ кей жерлерде тұман түсіп, жел күшейеді, батыста күшті желмен шаңды дауыл соғады. Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарында, түнде және таңертең Ақмоланың кей жерлерінде тұман түседі, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді. Түркістан, Алматы, Маңғыстау, Атырау, Қарағанды, күндіз Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Маңғыстау және Атырау облыстарында шаңды дауыл соғады. Алматы, күндіз Қарағанды облыстарында найзағай жарқылдап, Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман түсуі мүмкін. Қарағанды облысының кей жерлерінде минус 1-3 градус суық болып, үсік жүреді. Атырау, Қызылорда облыстарының басым бөлігінде, Қарағанды, Түркістан облыстарының кей жерлерінде, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.