Атырау облысындағы алапат өрт сөндірілді
Атырау облысындағы алапат өрт сөндірілді
Фото: Интернеттен алынды
112
оқылды
«6 қыркүйекте сағат 17.21-де Атырау облысында өртке оранған қамыс пен қураған шөптің өртенгенін тоқтаттық. Айта кетейік, Атырау қаласынан 30 шақырым қашықтықта Каспий теңізінің жағалауында қамыс өртенген болатын. Қамыс биік әрі батпақты болғандықтан өртті сөндіруі қиынға соқты. Онда өрт сөндіретін арнайы техника жете алмады» делінген ресми хабарламада.
Өртті сөндіруге Атырау облысы ТЖД, «Қазавиақұтқару» АҚ, Орман шаруашылығынан, жергілікті атқарушы органдардан 93 адам, 23 техника және 2 тікұшақ жұмылдырылды.