Қазақстанда дәрігерлер 12 минутқа жүрегі тоқтап қалған әйелді тірілтіп алды
Қазақстанда дәрігерлер 12 минутқа жүрегі тоқтап қалған әйелді тірілтіп алды
315
оқылды
Шымкент қаласы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлағандай, қалалық перинаталдық орталықтың түнгі ауысымына кезекшілік жүргізу оңай болмады. Жедел жәрдемге 1961 жылы туған науқас 255/160 қысыммен жеткізілді, диагнозы: мидың ісінуі,гипертониялық криз, өкпенің ісінуі, инсулинге тәуелділіктің ДК 2 типі. Ол жүкті болмаған және жақында босанған адам емес. Жедел жәрдем оны Кайтпастан алып келе жатқан. Ал ең жақын медициналық мекеме қалалық перинаталдық орталық болды. Науқастың өмірін құтқару үшін әр минут емес, әр секунд маңызды болатын. Науқас қабылдау бөлмесіне өте ауыр халде келіп, оны күтіп отырған реаниматологтар бригадасы дереу реанимациялық іс — шаралар жүргізе бастады, - деп хабарлады ведомстводан. Мұнда емделушінің жүрегі 4 минутқа тоқтап қалды. Реаниматологтар оны өмірге қайтару үшін бәрін жасады.  Бірақ тағы да тоқтады. Дәрігерлер қайтадан әйелді құтқаруға қажетті барлық нәрселерді жасады. Тағы да 4 минутқа жүрек тоқтады. Реаниматологтар үмітін үзбей емделушінің өмірі үшін күреске қайта кірісті. Және бұл жолы жеңіп шықты. Бір түнде үш жүрек тоқтауы. Әрқайсы 4 минутқа созылды. Өмірге үш рет қайтару. Орталықтың барлық басшылығы аяғынан тік тұрды. Барлығы консилиум үшін жиналды, - деп атап өтті Денсаулық сақтау басқармасы. Реанимациялық іс-шараларды жоғары санатты жауапты реаниматолог Тұрсынов Тұрабек жүргізді. Ол 14 жыл ішінде жүздеген адамның өмірін құтқарған. Сондай-ақ Жораев Юсуф, Бижігітов Бекжан сияқты тәжірибелі реаниматологтар да қатысты. Олардың барлығы бөлім меңгерушісі Шамамутов Батырдың мектебінен өткен. Орта медперсоналы Бахрам Баян, Яна, Айжан, Зиягүл түін бойы барлық қажетті рәсімдерді жүргізе отырып, әйелдің жанынан шықпады. Қызметкерлердің еңбегі өз жемісін берді. Әйел өз-өзіне келді. Таңертең оның жағдайы тұрақтанғаннан кейін оны ГКБ-1-ге ауыстырды.