Zoom арқылы сабақ өтіп жатқан мұғалім қайтыс болды
Zoom арқылы сабақ өтіп жатқан мұғалім қайтыс болды
Фото: Интернеттен алынды
147
оқылды
Жергілікті БАҚ-тың жаузынша, 46 жастағы Паола де Симоне студенттерге арналған онлайн-дәріс кезінде дем жетпей, тұншыға бастаған. Оқиға сейсенбі күні болған. 46 жастағы Саясат және халықаралық қатынастар бөлімінің профессоры Паола де Симоне қашықтықтан сабақ беріп жатқан. Мұғалім кенеттен есінен танып, қайтыс болған. Дем жетпей, қиналған мұғалімді көрген студенттер жедел жәрдем шақырмақ болған. Сол үшін Симоненің мекенжайын білуге тырысқанымен, мұғалім тікелей эфирде қайда тұратынын айта алмаған. Мұғалім Twitter-дегі парақшасында бір айға жуық уақыт өзінде коронавирус белгілері бар екенін жазған екен. Оның күйеуі дәрігер болған. Мұғалім қатты жөтелсе де, жұмыс істеген.