Ауылға газ құбырын тартуға бөлінген қаржыны жымқырған күдікті ұсталды
Ауылға газ құбырын тартуға бөлінген қаржыны жымқырған күдікті ұсталды
Фото: Интернеттен алынды
159
оқылды
Дереккөздің жазуынша, Қостанай ауданы әкімдігінің лауазымды қызметкерлері қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды деген күдікке ілініп отыр. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қостанай облысы бойынша департаменті Қостанай ауданы әкімдігінің лауазымды қызметкерлеріне қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады.
«Лауазымды қызметкерлер қызметтік өкілеттікті асыра пайдаланды деген күдікке ілінді. Олар шағын және орта бизнес субъектісі болып саналатын серіктестік басшысынан Заречный ауылында газ құбырын орнату бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу үшін 10,8 миллион теңге көлемінде ақшалай қаражат беруге заңсыз мәжбүрледі деген күдік бар. Сот лауазымды қызметкерлердің кінәсін анықтай отырып, соңғы шешімді шығарады» делінген ресми хабарламада.