Көпқабатты үйдің шатырында би кешін ұйымдастырғандарды жазалады

Көпқабатты үйдің шатырында би кешін ұйымдастырғандарды жазалады

Алматылық әйел полицияға көпқабатты үйдің шатырында ұйымдастырылған би кешіне қатысты шағымданған.

Алматылық әйел Facebook арқылы Алмалы аудандық полиция бөлімінің бастығы Есен Ысқақовқа: «Мен сіздің атыңызға өтініш жаздым. Байзақов көшесі, 170 мекенжайында орналасқан 9 қабатты үйдің шатырында әр аптаның жұма және сенбі күндері дискотека ұйымдастырылады. Музыканың дауысының қаттылығы сонша бүкіл ауданға естіледі. Сізден осы мәселеге қатысты шара қолдануыңызды сұраймын», – деп шағымданды.
Полиция қызметкерлері бұл шағымды негізге ала отырып, тәртіп бұзушыларға айыппұл салған. «Шағым бойынша Алмалы аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері шұғыл шара қолданды. Байзақов көшесі, 170-үй мекенжайында орналасқан 9 қабатты үйдің шатырын тексерді, кінәлілерге 434-2 бап – «Қоғамдық орындардың ластануы», 440-бап - Алкогольдік ішімдіктер ішу немесе мас күйінде қоғамдық орындарда жүру бойынша хаттама толтырылды», – деді Есен Ысқақов. Пәтер иесіне 13 890 теңге айыппұл түрінде әкімшілік хаттама толтырылды.