Оралда зорлықпен өлтірілген 81 жастағы ер адамның мүрдесі табылды

Оралда зорлықпен өлтірілген 81 жастағы ер адамның мүрдесі табылды

Батыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, оқиға 4 қыркүйек күні «Автодорожник-1» саяжай қоғамында орын алды. Саяжайдан 81 жастағы ер адамның зорлықпен өлтірілген денесі табылды. Қазіргі кезде ҚР ҚК 99-бабы 1-бөліміне (адам өлтіру) сәйкес қылмыстық іс қозғалып, күдіктіні анықтап, ұстау бағытында жедел іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр.