Шыбын өлтірмек болған зейнеткер үйін жарып жіберді
Шыбын өлтірмек болған зейнеткер үйін жарып жіберді
Фото: Интернеттен алынды
540
оқылды
Жарылыс салдарынан жарақат алған ер адам ауруханаға жеткізілді. Францияда 80 жастағы зейнеткер шыбын өлтірмек болып, өз үйін жарып жіберді. Ер адам кешкі асын дайындап жатқанда үйінде шыбын ызыңдап ұшып жүргенін байқаған. Сол сәтте ол электрлі шыбын өлтіргіш құралын алып, шыбынды қуа жөнелген. The Mirror басылымының хабарлауынша, тап сол мезетте тұрғын үйдегі газ баллонның ақауы болған. Оны аңғармаған зейнеткер қолындағы құрылғыны жәндікке қарай сермегенде, электрлі шыбын өлтіргіштің ұшқыны жарылысқа себеп болған. Жарылыстың күшті болғаны соншалық, жер үйдің ас бөлмесі қирап, шатырдың едәуір бөлігіне зақым келген. Үй иесі Либурн ауруханасына ​​жеткізілген. Кейінірек үйі жөнделгенге дейін уақытша лагерьде тұрады.