Роман Скляр Ресейден вакцина сатып алуға қатысты ойын айтты
Роман Скляр Ресейден вакцина сатып алуға қатысты ойын айтты
173
оқылды
Премьер-министрінің орынбасары Роман Скляр Ресейден вакцина сатып алу және оны жаппай қолдануға қатысты ойын айтты. Оның айтуынша, вакцина тестілеудің барлық кезеңдерінен өтпейінше, жалпыға қолданылмайды.
- Н.Ф. Гамалей атындағы Ресейдің вирусология институты осындай вакцинаны бірінші болып тіркетті. Біз Ресей Федерациясындағы вирусология ғылымының жоғары деңгейін мойындаймыз. Сондықтан, биылғы жылдың 24 тамызында екі тарап үкіметтік делегация құрамы негізінде алдын ала келісімге қол қойдық. Оған сәйкес Ресей Федерациясы вакцинаны, ең алдымен сатылатын мемлекеттер қатарына Қазақстанды да қарастыруды өз мойнына алады. Бірақ вакцина үшінші кезеңінің сынағынан өткеннен кейін шешім қабылданады. Қазір тестілеудің екі кезеңі өтті, - деді Скляр.
Оның айтуынша, желтоқсан айына дейін болжамды түрде аяқталатын үшінші кезең адамдардың кең ауқымын қамтиды.
- Барлық тиісті сынақтардан өткеннен кейін вакцинаны сатып алу туралы шешім қабылданады. Бұл келісім - барлық қажетті процедуралардан өткеннен кейін вакцинаны алуға білдірілген ниет және мүмкіндік, - деп сөзін аяқтады ол.