Полицейлер 30 минут ішінде жоғалған 5 жасар баланы жақындарымен табыстырды
Полицейлер 30 минут ішінде жоғалған 5 жасар баланы жақындарымен табыстырды
Талғар ауданының патрульдік жасағы 30 минут ішінде жоғалған 5 жасар балақайды жақындарымен табыстырған, деп хабарлайды Алматы облысы ПД баспасөз қызметі. Жуырда сағат 13.45 шамасында Талғар ауданы Бесағаш ауылының 51 жастағы тұрғыны 5 жасар баланың 3 сағат бойы жоғалып кеткені туралы патрульдік полицейлерге шағымданған.
"Талғар АПБ Бүркіт 226 ЖПҚ патрульдік полиция ротасының экипажы полиция аға лейтенанты Әлкен Бижанов пен Ұлан Нұртай 30 минут ішінде үйден бірнеше шақырым жерде жоғалып кеткен балақайды белгілері бойынша тауып, ата-анасына табыстады. Қатты қуанған әйел көмекке мұқтаж сәтте жедел қызмет еткен тәртіп сақшыларына шын жүректен алғысын білдірді", - делінген абарламада.