Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
RU
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Жаңалық жаршысы. Ресми ақпарат. Жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Саясат

Дариға Назарбаева Словакия Ұлттық Кеңесінің Төрағасымен кездесті

«Айқын» ақпарат
Қыркүйек 23, 2019
Саясат
2.2k
қаралым

Парламент Сенатының Төрағасы Дариға Назарбаева Словакия Республикасы Ұлттық Кеңесінің Төрағасы Андрей Данкомен кездесті,– деп хабарлайды ҚР Парламенті Сенатының баспасөз қызметі.

Кездесу барысында Қазақстан мен Словакияның парламентаралық іс-қимылы мен экономикалық ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Тараптар екі ел арасындағы байланыстардың қарқынды дамуы мен парламенттер ынтымақтастығының тиімділігін арттыра түсу қажеттігін атап өтті.

Сенат Төрағасы биылғы жылы Словакия төрағалық етіп отырған ЕҚЫҰ ынтымақтастығына Қазақстан зор маңыз беретінін атап өтті. Д.Назарбаева еліміз Словакия төрағалығының бағдарламасын қолдайтынын және алға қойылған жоспарларды іске асыруда көмек көрсетуге әзір екенін айтты. Сенат басшысы сондай-ақ екі ел арасындағы сауда-экономика саласындағы ынтымақтастықты кеңейту мәселесіне назар аударды. Қазақстан Словакияда шығарылатын машина жасау технологияларын тартуға ерекше мүдделі. Дариға Назарбаеваның айтуынша, Словакия кәсіпкерлері ЕАЭО артықшылықтарын пайдалана алады.

Тоқаев VII шақырылған Парламенттің бірінші сессиясын ашты

Бүгін VII шақырылған Парламенттің бірінші сессиясы өтеді

Ауылда ауызсудың бағасы арзандайды

«Словакиялық кәсіпкерлерге одақтың көп миллиондық нарығына шыға алатын жоғары технологиялық бірлескен кәсіпорындарды Қазақстанда ашуды ұсынамыз. Біздің еліміз өнімдеріңізді үшінші елдер нарығына ілгерілететін көпір бола алады»,– деді Д.Назарбаева.

Словакия Республикасы Ұлттық кеңесінің Төрағасы А.Данко өз кезегінде Сенат басшысына кездесу үшін алғыс айтып, экономика және заң тұрғысында ынтымақтастықты дамытуға әзір екенін білдірді. Словакия Парламентінің басшысы сондай-ақ ірі инвестициялық жобаларды дамыту алаңы ретінде Қазақстанға назар аударған инвесторлар туралы айтып өтті. А.Данко одан басқа білім беру, қорғаныс және ауыл шаруашылығы, сондай-ақ орман шаруашылығын дамыту саласында ынтымақтастыққа әзір екенін айтты.

 

 
Тегтер: Андрей ДанкоДариға НазарбаеваСенат
Алдыңғы жаңалық

Н.Назарбаев Түркияның Ұлы Ұлттық Жиналысының Спикері М.Шентоппен кездесті

Келесі жаңалық

«Қорқыт ата» кітабының үшінші нұсқасы табылды

Ұқсас жаңалықтар

хатшы
Жаңалықтар

Атырау облыстық мәслихатына жаңа хатшы тағайындалды

Қаңтар 16, 2021
өзгеріс
Саясат

Өзгерістер кезеңі өрістейді

Қаңтар 16, 2021
Президент
Саясат

Президент фракция басшыларымен кездесті

Қаңтар 16, 2021
Жүйелі жаңғыру жалғасады
Саясат

Жүйелі жаңғыру жалғасады

Қаңтар 16, 2021

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Өскеменде қамауға алынған әйел босанды

Қаңтар 17, 19:12

Алматы облысында 320 оқушыдан коронавирус анықталды

Қаңтар 17, 18:30

Астананың халық тығыз орналасқан ауданында тағы бір емхана ашылады

Қаңтар 17, 18:05

Алматыда 2 тұрғын табиғи газдан уланып қайтыс болды

Қаңтар 17, 17:00

18 қаңтардан бастап ескірген ауыл шаруашылығы техникаларын өткізуге болады

Қаңтар 17, 16:37

Балмұздақтан COVID-19 табылды

Қаңтар 17, 16:07

Дәрігер коронавируспен ауырған адам инсульт алуы мүмкін екенін айтты

Қаңтар 17, 15:22
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru
  • www.aikyn.kz
  • www.facebook.com/aіkyn.kz
  • www.twitter.com/aikyn_gazeti

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

Басты жаңалықтар

Өскемен

Өскеменде қамауға алынған әйел босанды

Қаңтар 17, 2021
оқушы

Алматы облысында 320 оқушыдан коронавирус анықталды

Қаңтар 17, 2021
NurMedia Nur otan
Яндекс.Метрика
  • РЕДАКЦИЯ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАЗЫЛУ

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Онлайн жазылу
  • Жаңалықтар
    • Әлеумет
    • Саясат
    • Экономика
  • COVID-19
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»