Биыл Нұр-Сұлтандағы көпірлердің астындағы бос орынға асфальт төселіп, инфрақұрылымы жақсарып, бұқаралық спортты дамыту мақсатында спорт алаңқайларын салу қолға алынған болатын. Бұл бастама аясында алдымен "Арқар" көпірінің астында баскетбол ойын алаңы салынып, жанына аты аңызға айналған баскетболшы Коби Брайант бейнеленді. Осы орайда "Айқын" газетінің бас редакторы Нұрмұхамед Байғараев қала әкіміне спорт алаңқайының жанындағы бос орындарды да аббаттандырып, жастарды қызықтыру мақсатында басқа да белгілі спортшылардың бейнесін салуға ұсыныс жасаған еді.