Журналисті өлтіргендер жиырма жылға сотталды
Журналисті өлтіргендер жиырма жылға сотталды
© Сурет ғаламтордан
154
оқылды
Дүйсенбід күні Сауд Арабиясының соты 2018 жылдың қазан айында Стамбулдағы патшалық консулдығында журналист Джамал Хашукджидің өліміне қатысты түпкілікті үкім шығарды. Сегіз айыпталушының ішінде бес адам 20 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы САП Бас прокуратурасының ресми өкілі хабарлады.
"Хашукджи ісі бойынша бес айыпталушы азамат 20 жылға дейін, тағы біреуі он жылға бас бостандығынан айырылды", - делінген прокуратура мәтінінде. Тағы екеуі жеті жылға бас бостандығынан айырылды.
Бұрын Хашукджидің үлкен ұлы әкесін өлтірушілерді кешіретінін мәлімдеді. Сауд Арабиясының танымал журналисті Хашукджи 2017 жылдан бастап АҚШ-та тұрып, Washington Post газетінде жұмыс істеді. Ол 2018 жылдың қазан айында Ыстамбұлда өлтірілді. Бастапқыда Сауд Арабиясы билігі оның дипмиссияда жоғалуын жоққа шығарды, бірақ бейнелер мен аудиожазбалар пайда болғаннан кейін біраз уақыттан кейін Хашукджидің "консулдық қызметкерлермен жанжал нәтижесінде"өлтірілгенін мойындауға мәжбүр болды. Түрік полициясы оның денесін таба алмады.
Ыстамбұл прокуратурасы өз кезегінде: Хашукджи қасақана өлтірілген. Журналистібуындырып өлтірген соң оның  денесін бөлшектеп, жойып жіберген, - деп мәлімдеді.