Үш жылда – 22 қылмыс
Үш жылда – 22 қылмыс

Nur Otan партиясы Қостанай облыстық филиалында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қоғамдық кеңестің отырысы өтті. Жиын барысында білім саласындағы қоғамдық кеселдің алдын алу жолдары мен 2019 жылдың соңына дейінгі жоспар тізілді.

Жемқорлыққа қарсы іс-қи­мыл департаментінің берген ақпаратына сәйкес, Қостанай облысында соңғы үш жылда білім саласында 22 қылмыс тіркелген. Оның басым бөлігін білім беру мекемелерінің бала­бақша меңгерушілері мен есеп­шілері жасаған.

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Сай­лауал­ды бағдарламасында жем­қор­лыққа қарсы күресті жүйе­­лі түрде жүргізу керектігі ай­­тыл­­ған. Бүгінде Nur Otan пар­тия­­сы маңызды сұрақтар мен мә­се­­лелерді талқылауға ар­нал­ған алаң­ға айналды. Мемле­кет пен қоғам бұл кеселге қар­сы бі­рі­гіп, жұмыла күресу керек, – дейді Қоғамдық кеңес төраға­сының орынбасары Рашит Нұрмағамбетов.

Облыстық білім басқар­масының басшысы Василий Цымбалюк өңірдегі кәсіби және техникалық білім беру мекемелерінде жемқорлыққа қарсы төзімділік қалыптастыруға арналған бірқатар іс-шара қолға алынғанын айтты.

– Бағдарламаны іске асыру аясында облыста «Адал ұрпақ» клубтары пайда болды. Аймақ бойынша 414 клуб 12 мыңнан астам оқушыны біріктіріп отыр. Одан бөлек, арнайы білім саласында мемлекеттік қызмет көрсету түрлерінің автоматты жүйесін орнату көзделуде. Оң­тайландыру шеңберінде 75 мек­тепте директорлар кабинеті 1 қабатқа ауыстырылды. Жем­қорлық мәселелері мен сұрақ­тары бойынша арнайы «Сенім телефоны» жұмыс істейді, – деп атап өтті білім басқармасының басшысы Василий Цымбалюк.

Nur Otan партиясы атынан облыстық мәслихат депутаты, Ө.Сұлтанғазин атындағы ҚМПУ ректоры Еркін Әбіл жоғары оқу орнындағы жемқорлықпен күресудегі шаралар жайлы бө­лісті. Білім ордасында диплом­дық жұмыстың жаңа әдісі ен­гізілген. Студенттер стартап жо­балар ұсынып, оны қорғайды. Бұл түлектің мамандық бойынша алдағы жұмысқа бейімделіп, ЖОО-ғы жемқорлықтың алдын алуға бағытталған.

– Жүйелі түрде «Таза сессия» акциясы ұйымдастырылады. Jas Otan Жастар қанаты Қостанай облыстық филиалымен бірлесе студенттер арасында сауалнама жүргізді. Адалдық академиялық лигасын құру жөнінде деклара­цияға қол қойылды. Біздің уни­вер­ситет бұл бастамаға мұрын­дық болды. Академиялық адал­д­ықты арттыру мақсатында жол кар­та­сы да қабылданды, –сдей­ді ҚМПУ ректоры Еркін Әбіл.

Nur Otan партиясы ҚОФ төра­ғасының бірінші орынба­сары Жаңабай Бисимбаев жемқорлық басым салаларда түсіндіру жұмыстарын кеңінен жүргізу керектігін айтады. Жиынға қатысушылар «есепші­лер мектебін» құруды ұсынды. Жемқорлыққа қарсы күрес бойын­ша ортақ жоспар керек еке­ні айтылды. Отырыстың қоры­тын­дысы бойынша ЖОО өкіл­дері мен мемлекеттік орган­дарға қоғамдық кеселдің алдын алуға бағытталған ұсы­ныстары бар қаулы қабыл­данды.