Сабақты үйдің шатырына шығып, оқып жүр
Сабақты үйдің шатырына шығып, оқып жүр
Фото: Интернеттен алынды
157
оқылды
Cебебі, Атырау облысы Мақат ауданына қарасты бұл ауылдарда интернет байланысы өте нашар. Ал білім алу үшін қашықтан оқу керек. Ауыл тұрғындары жаңа оқу жылында осы бір өзекті мәселені елемеген жергілікті биліктің бейқамдығына наразы. Ескенеде – 22, Таскескен ауылында – 6, №441 разъезде 2 оқушы тұрады. Бұл ауылдардағы ұялы байланыстың жылдамдығын арттыру үшін жауаптылар «Қазақтелекоммен» келісім жасасқан. Бірақ кейін олар бұл ауылдар шалғай әрі ондағы халық саны аз болғандықтан, тиімсіз деп бас тартыпты.
Ескене ауылының тұрғыны Серік Тұрланов: «Бізде интернет мәселесі алаңдатады. Интернет жоқтың қасы деуге болады, ұстамайды. Бұрын аздап билайн ұстайтын еді. Осы күні ол да ұстамай қалды. 2 жиенім бар, көршілерімде кем дегенде 3-4 баладан оқиды. Теміржолдың осы бетінде 14 үй тұрады. Бұрын Доссор интернетта оқитын еді. Енді олармен байланыс та жоқ, оқу да жоқ, сабақ та жоқ», – дейді.